Солтүстікқазақстандық полицейлер жалға берілген пәтерден мас күйдегі жасөспірімдерді анықтады. Балалар шулап, көршілердің мазасын алған. Демалыс күндерінен бастап тәртіп сақшылары жасөспірімдердің түнде жүруінің 48 дерегін және қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде жүруінің 161 фактісін анықтады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.

Петропавлдық полицейлерге қала тұрғыны түнгі уақытта көрші пәтердің тыныштық бермей жатқандығын айтып хабарласқан. Астана көшесіндегі үйлердің біріндегі бұл пәтер жалға беріледі екен. Ақпаратты тексеруге келген тәртіп сақшылары ішімдік ішіп алған жастардың үстінен түсті. Алкогольді емін-еркін ішіп жатқан алты адамнан құралған жастар тобы көршілердің тынығуына кедергі келтірген. Жастардың бір-екеуі тәртіп сақшыларынан балконда жасырынуға тырысқан. Көңіл көтеріп жатқандардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты, екі жасөспірім мас күйде болған.

Хаттамаға қол қойдыртып, балаларын алып кетуі үшін полиция қызметкерлері ата-аналарын шақыруға мәжбүр болды. Өңірде демалыс күндерінен бастап тәртіп сақшылары жасөспірімдердің түнде жүруінің 48 дерегін және қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде жүруінің 161 фактісін анықтады. 23-25 қараша аралығында облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Әлібек Ғабдуллин — СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдеуге 500-ден астам полиция және ұлттық ұланның қызметкерлері жұмылдырылады. Азаматтардың жаппай болу орындары, оның ішінде жедел басқару орталығының камераларымен бақылау күшейтіледі. Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеру жүзеге асырылады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын адамдарды анықтау ұйымдастырылады. Жол қозғалысын қадағалау күшейтіледі. Саяжайларда, облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау, және бұрын жасалған қылмыстарды ашу қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ 3 күн ішінде түрлі 829 құқық бұзушылық анықталды. Есепте тұрған 1 мыңнан астам адам, қараусыз қалған 418 үй, 529 азаматтық қару иесі тексерілді.