25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс аумағында тәртіп сақшылары «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясын өткізеді. Ол Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне орайластырылған. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері қала тұрғындарына Ақ лента таратты.
25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Осы күннен бастап 16 күн бойы өңірімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, полицияға сенімділікті және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру іс-шаралары жүргізіледі.
АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА,СҚО ДП ЖПҚБ ИНСПЕКТОРЫ:
- 2024 жылдың 11 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынасы саласында жасалған 62 қылмыс тіркелді. 2024ж. 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынасы саласында 1972 әкімшілік құқық бұзушылық жасалып, 470 адам әкімшілік қамаққа алынды, 55 не айыппұл салынды және 248 ескерту алды.
Зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында қорғау және ерекше талап қою қағаздары маңызды рөл атқарады. Биыл жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2178 қорғау нұсқамасы шығарылып, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 663 арнайы талап қойды.
Вот, пожалуйста, можете отправить свой домовой чат. Здесь также указан телефон доверия, куда можно обратиться за помощью.
Сонымен қатар, әйелдерді қолдау орталығы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық биыл 68 адамды қабылдап, оларға баспана мен психологиялық көмек ұсынған.