Облыстың үздік учаскелік инспекторы, патрульдік және ювеналдық полицейі таңдалды. «Өз кәсібінің үздігі» байқауына 27 қызметкер қатысты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.
Учаскелік инспекторлар, патрульдік және ювеналдық полицейлер – жергілікті полиция қызметіне біріктірілген бөліністердің қызметкерлері. Күнделікті қызмет барысында олар халықпен тығыз қарым-қатынас жасайды, олардың құқық бұзушылықтар туралы шақыртуларына барып шаралар қабылдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы «Өз кәсібінің үздігі» байқауын өткізді. Оған 27 қызметкер қатысты. Олар дене шынықтыру және атыс даярлығынан, жауынгерлік күрес әдістерін меңгеруден сынақтар тапсырды, заңнаманы білуден компьютерлік тестілеуден өтті.
Сегодня прошёл конкурс, комиссия подвела итоги, и сегодня будем озвучивать лучших по профессии) 00202 01:02-01:11
Байқау нәтижесінде тәжірибелі қызметкерлер жеңіске жетті. Учаскелік инспекторлар арасында Мамлют аудандық полиция бөлімінің 45 жастағы қызметкері Александр Рогачев жеңімпаз атанды. Ювеналдық полицейлер арасында Қызылжар ауданы полиция бөлімінен келген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы Жамбыл Кәкжанов жеңіске жетті. Ал патрульдік полицейлер арасында облыстық ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы 33 жастағы Антон Сұлтангелдинов көш бастады.
Жамбыл Кәкжанов – Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы
- Мен ішкі істер органдарында 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келемін) 00226 00:01-00:04 (Менің жұмысым – кәмелетке толмағандарға қарсы немесе олар жасауы мүмкін құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Аудан көлемінде бірінші орынға ие болдым. Облыста үздік атандым. Енді облыс республикалық кезеңге қатысамын.
Енді жүлдегерлер өңір намысын республикалық деңгейде қорғамақ. Жергілікті полиция қызметі бөліністеріне жетекшілік ететін СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов жеңімпаздарды марапаттап, ҚР Ішкі істер министрлігінде өтетін байқаудың соңғы кезеңінде сәттілік тіледі.