Петропавлда облыстық және аудандық деңгейдегі жаңадан сайланған мәслихат депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өтіп жатыр. Бес күнге шақталған курс аясында депутаттарға құқық және әдеп бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары дәріс оқиды.


Бағдарлама жаңадан тағайындалған мәслихат депутаттарының құзреттері мен жұмыс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың қажеттіліктерін тереңірек түсіну үшін олардың көшбасшылық және аналитикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған.


АЙГҮЛ ЖАМАНТАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СҚОФ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бүгін бізде облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының оқуы басталып жатыр. Бұл — екінші легі, біріншісі сәуір айында өткен. Бұл жаңа тағайындалған депутаттар, сондықтан өздерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында осы семинарға келіп жатыр. Біздің бағдарлама екі-үш модульден тұрады: мәслихаттардың құқықтық негізі, БАҚ-пен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ бюджет пен жоспарлау.


Оқу бағдарламасы мәслихаттардың жергілікті халықтың нақты қажеттіліктеріне сүйеніп, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Депутаттардың білімін жетілдіріп, қабілеттерін дамыту олардың жұмысының сапасын жақсартып, жергілікті басқаруға оң әсер етеді.


БЕЙБІТ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Бізге жаңа білім алу және жаңа оқу әрқашан керек деп ойлаймын. Мына істеп жатқан жұмысымызда әртүрлі сұрақтар мен мәселелер болып жатады. Кейбір мәселелерді шешуге біздің тәжірибеміз жетпеуі мүмкін. +скл+ 02:30-02:44 Облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен осындай курстар өткізіліп жатыр, соған, әрине, қызығушылықпен қатысамыз. Бұл жерде жаңа тәжірибе аламыз, жаңа білім аламыз деп ойлаймын.


Бұл білімін жетілдірушілердің екінші легі. Бес күндік семинарда осылайша 40 депутатты қамту жоспарда бар.