Омбудсменнің міндеті – адам құқығы мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, ҚР нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге ат салысу. Облыс бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Жұмабаев журналистермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.


Қазақстан адам құқықтары саласында 70-тен астам халықаралық келісімге қатысушы мемлекет ретінде белгілі. 2022 жылы мемлекеттік органдармен, Үкіметтік емес ұйымдармен және адам құқықтары жөнінен Ұлттық орталығымен бірлесіп, жабық мекемелерде қатыгездікке жол бермеу және денсаулық сақтау құқығын қорғау бойынша ұзақ мерзімді тұрақты шешімдер қабылданды. Биыл облыста адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі азаматтармен 103 жеке қабылдау өткізді, оның ішінде 87 сотталғанмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралау барысында кездесті. Бұл оларға мәселені тікелей жеткізуге, шағым қалдыруға немесе түсініктеме алуға мүмкіндік берді.


ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ӨКІЛІ:

- 2022-2023 жылдары түрме медицинасы полиция қарамағынан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілді, бұл азаптау жағдайларын тіркеуде ведомстволық мүдделерді жояды. Қазіргі уақытта жүйе 1735 сотталған және тергеуде отырған азаматтар ұсталып отырған 5 мекемені қамтиды. Дәрігерлердің мекеме әкімшілігінен тәуелсіз болуы азаптауларды болдырмаудың тағы бір әдісі және корпоративтік мүддені жояды.