Ақан сері атындағы облыстық филармониясы 60-шы маусымның ашылуында көрерменге "Қозы көрпеш - Баян сұлу" поэмасы негізінде пластикалық спектакль ұсынды. «Туған жер» би ансамбілінің бишілері қойылымға жарты жыл дайындалған. Спектакльде жиырмадан астам биші өнер көрсетті.


"Туған жер" би ансамблі - көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Виктор Романченко ансамбль құрамында 7 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бүгінгі қойылымда ол басты кейіпкер Қозының рөлін сомдады.


ВИКТОР РОМАНЧЕНКО, «ТУҒАН ЖЕР» БИ АНСАМБЛІНІҢ ӘРТІСІ:

- Филармонияның 60-шы маусымының ашылуына орай сахналанып жатқан қойылымда мен Қозы Көрпештің рөлін сомдаймын. Спектакльді дайындап, сахнаға шығаруға шамамен жарты жылдай уақыт кетті. Жалпы, бұл қойылымда 21 әртіс өнер көрсетеді.


Қойылымды тамашалауға келген өнерсүйер қауымның қарасы қалың. Ересектер де, балаларда қызықтап келіпті.


-Мен спектакльге алғаш рет келіп отырған жоқпын. Десе де, осы жолғы қойылым өте ерекше екен. Ұнап жатыр. Өзім «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының тарихын білемін


Маған қойылымның желісі ұнады. Әртістердің қимыл-қозғалысы, өте қызықты. Менің көңілімнен шығып жатыр.


Бұдан бөлек 60-шы маусымның ашулуына өнер ордасының әртістері «Алдар көсе» музыкалық ертегісі мен концерттік бағдарлама да әзірлеген.