Қазақстанда тамыз айынан тиісті оңайлатылған із жүргізу іске қосылды. Бұл шағын айыппұл, салық пен белгілі бір төлем бойынша қарызды өндіріп алу процесін жеңілдетіп отыр. Оңайлатылған іс жүргізу 30 күнтізбелік күнде аяқталуы тиіс дейді мамандар.
20 АЕК-ға дейінгі айыппұлдар азаматтардан енді автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы өндіріп алынады. Бұл ретте «Цифрлық сот орындаушысы» жобасының бірқатар артықшылығы бар дейді мамандар. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін онлайн түрде борышты төлеу мүмкіндігі қарастырылған, бұл кезде барлық шектеу шаралары автоматты түрде алынып тасталады. Осылайша адам факторы толығымен жойылады.
Оңайлатылған іс жүргізу 30 күнтізбелік күнде аяқталуы тиіс. Қызмет көрсету процесін жеңілдету және автоматтандыру үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бүгінде облыстық әділет департаментінде 12 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
ГҮЛНӘР ҚОЖАХМЕТОВА,СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, «электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ АХАТ ақпараттық жүйесі, заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы арқылы арқылы көрсетіледі.
Әділет министрлігі тиісті пилоттық жоба бойынша түзетулер әзірлеген. Оның аясында кәсіби қызметпен айналысуға ниетті тұлғалар аттестациялаудан өтеді. "Аттестация реинжинирингі" біздің өңірде де қолға алынған.
ЕЛЕНА АХМЕТОВА, СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
- «Аттестация реинжинирингі» - бұл адвокаттық, нотариалдық, сот сараптамалық, жеке сот орындаушылық және патенттік сенімді өкіл қызметіне рұқсат алу. Аталған жоба аясында ауызша комиссиялық сұхбаттасу кезеңі алынып тасталып, оның орнына жағдайлық кейстер енгізілді, осылайша аттестациялау процедурасының қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқартылды.
Брифинг барысында осы және өзге де өзгерістер талқыланды.
Бұл жөнінде толығырық ақпар білу үшін тікелей облыстық әділет департаментінің мамандарына 33-26-35; 33-12-82 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.