Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясы ұйымдастырған барлық деңгейдегі мәслихаттардың екінші республикалық форумында сөйлеген сөзінде елге қамқорлық жасаудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Бұл ретте Мемлекет басшысы экология мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Президент қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет екенін еске салды.


Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде «Таза Қазақстан жобасы іске қосылды. Акцияның мақсаты – табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Бұл акцияны СҚО күміс волонтерлері де қолдайды. Геннадий Языков осыдан 4 жыл бұрын волонтерлікке келген. Биыл зейнеткер 77 жасын тойлайды. Ол отбасымен «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысады.


ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ,КҮМІС ВОЛОНТЁР:

- Біз күміс еріктілер қазақстанымызды көгалдандыру бастамасын қолдаймыз. Президентіміздің барлық бастамалары көңілімізден шығады. Өйткені біз өз қаламызды тааз және әдемі, болғанын қалаймыз. Мен және менің отбасым волонтерміз. Біз акцияға қатысып, қаламызды қоқыстан тазартуға атсалыстық.