Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында құрылысы 3,5 жылға созылған жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Жалпы бұл ғимарат 2022 жылдың қаңтар айында тапсырылу керек болған. Алайда осы күнге дейін жауапты мердігер «Aquabuild» ЖШС құрылысты уақытылы жасамаған. Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тексерісінен кейін бұл компаниямен келісімшарт бұзылды. «Sport Equipment» жаңа мердігер ретінде іске КІРІСІП, бүгінде хокей корты пайдалануға берілді. Жалпы спорт нысанының құрылысы 111,4 миллион теңгені құраған.