1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Содан бері дәстүрлі түрде тойланып келеді. Өңірде қазіргі уақытта 102 мыңнан астам зейнеткер бар. Мерекеде қарттарға қоғам өмір¬¬і¬не қосқан үлесіне шынайы ризашылық біл¬діріліп, риясыз қ¬ұрмет көрсетіледі. Себебі, жас ұрпақтың қазыналы қарттардан алар тағылымы мол.
1 қазан қарттар күніне орай облыс әкімдігі зейнеткерлерге арнап экскурсия өткізді. Ардагерлер Петропавлдағы тарихи мекемелер мен жаңадан ашылған орындарды аралады.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Мынау облыс әкімінің ұйымдастыруымен бір топ қаламыздың ардагерлері қаладағы жаңадан салынып жатқан, құрылыс нысандарына, мәдени орындарын аралап жүрміз. Осы ай бойы біз қарияларға қамқорлық көрсетеміз. Өйткені қарияларымыз осы күнге біздің еліміздің көркеюуіне өз үлесін қосқан азаматтар. Біз оларды құрметтеуге тиіспіз.
Ардагерлер алдымен Петропавлдағы жаңадан салынған спортық сауықтыру кешенін, кейін «Qyzylzhar creative center» креативті индустрия орталығын аралады. Бұл креативі орталық 9 бағыт бойынша жұмыс істейді. Заманауи жабдықтармен қамтылған мекеме жастарға арналған нағыз креатив ордасы болмақ.
РУСЛАН ӘЛІШЕВ ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Креативный центры по стране.Елдегі креативті орталықтар мәдени дамудың ордасына айналған. Жалпы біз жастарға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтардың көп болуына көңіл бөлудеміз. Жастар барынша тәлімді, блімді болуы ел үшін маңызды. Сондықтан біз оларға барынша мүмкіндік беруге тырысамыз.
Сондай-ақ бүгінгі мерекеге орай Петропавлда зейнеткерлер автобуста тегін жүре алады. Ал кешкісін Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры арнайы мерекелік концерт ұйымдастырмақ.