Облыстық әкімдікте бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп күні күні өтті. Жиында кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері талқыланды. Бірыңғай есеп беру күнінің негізгі мақсаты - бизнес субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту.


 Жыл басынан бері еңбек заңнамасы саласында 150 құқықбұзушылық анықталды. 72 лауазымды тұлға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ал, еңбекақы бойынша берешек 60 млн теңгеден асып жығылады. Жалпы, жиында кәсіпкерлер өздерін мазалаған түрлі сұрақтарын ортаға салды. Оның ішінде – балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қатысты мәселелер де бар. Мамандар соңғы жылдары бұндай заңбұзушылықтар азайғанын атап өтті. Мәселен, биыл 1 жағдай ғана тіркелген.



МИРАС САБАҒАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан бері өндірісте жарақат алудың 18 жағдайы тіркелді. Салдарынан 21 адам зардап шегіп, 2-еуі қаза тапты. Барлық жазатайым оқиғалар заңнамаға сәйкес тергеліп-тексерілді.