Петропавлда "Есірткіге жол жоқ" ұранымен веложарыс өтті. Ұйымдастырушылар қатарында спорт басқармасы, полиция департаменті және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі болды.
Веложарысқа салаМатты өмір салтын насихаттайтын әр түрлі жастағы тұрғындар қатысты. Жеңіс саябағынан басталған іс-шараға қатысушылар Уәлиханов, Қизатов көшелері арқылы өтіп, Набережный көшесінде тоқтады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай веложарыс дәстүрлі сипатқа ие болған.
СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО БОЙЫНША СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
-Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны жүйелі түрде артып келе жатқаны қуантады. Облыста бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 42.2 пайызды құраса, келер жылы оны 43 пайызға дейін жеткізу жоспарлнған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2029 жылға қарай өңір және бүкіл Қазақстан бойынша спортпен айналысатын халық көрсеткішін 50 пайызға жеткізу көзделген.
Велошеруге қатысушылар 10 км қашықтықты жүріп өтуі керек болды. Олардың арасында велоспорт әуесқойы және параолимпиадашы - Олег Сысолятин де бар.
ОЛЕГ СЫСОЛЯТИН, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ:
-Бұған дейін мен Шымкентте, Қазақстан чемпионатында болдым. 10 км жүгіріп шықтым. Жақсы нәтиже деп ойлаймын. Барлығына рахмет. Ауа райы да қолайлы. Қатысушыларға алғыс білдіремін. Біз "Үміт" клубы салаМатты өмір салтын қолдаймыз, ұстанамыз.
Жүлделі орынға ие болу үшін жарысқа ересектер мен балалар ДА қатысты. Солардың бірі - Дария Марат.
ДАРИЯ МАРАТ, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ:
-Мен 11 жастамын. Менің атым Дария, мен Бескөл командасының мүшесімін. Велоспортпен 5-ші ай айналысып келемін. Оған дейін бұл спорт түрімен шұғылданбағанмын. Мұндай жарысқа екінші рет қатысып тұрмын. Еш толқу жоқ.
Бұл күні веложарысқа 200-ден астам адам қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы медальмен марапатталды.