Референдумға санаулы күндер қалды. Осы орайда Петропавлда АЭС құрылысы бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жастар ресурстық орталығының волонтерлері алдағы маңызды науқанға қатысты үгіт-насихат материалдарын таратуды жалғастыруда.



Еріктілер қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында тұрғындарға парақшалар таратып жатыр. Бүгінге дейін олар 8 мыңнан астам ақпараттық материал таратқан. Айта кетейік Жастар ресурстық орталығының волонтерлері үгіт-насихат жұмыстарын аптаның соңына дейін жалғастырмақ.


АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БОЙЫНША НҰСҚАУШЫСЫ:

- Достық сауда орталығында біз бесінші апта алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмісын жүргізіп жатырмыз. Әр дүйсенбі сайын біз мұнда дауыс беру шарттарын, қайда бару керектігі жазылған парақшаларды таратамыз. Сондай-ақ мұнда QR коды арқылы алдағы маңызды науқан туралы толық ақрпарат алуға болады. Біз парақшаларды барлық сауда үйлерінде, адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда таратып жатырмыз.