Елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі ұлғайған. Салдарынан энергия жетіспеушілігі жылдан жылға арта бермек. Яғни бұл Қазақстандағы өзекті мәселелердің біріне айналған. АЭС салудың маңыздылығын түсіндіру үшін «Аманат» партиясы мен облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері кездесу өткізді.


АҚАТЖАН АРЫҚОВ, СҚО «ЧЕРНОБЫЛЬ ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасымыздың алға қойған бастамасын өзіміз қолдауымыз керек. Бәріне айтып жүруіміз керек. Бізде басқа елдер сияқты алда жүргіміз келеді. Жақсы тұрмыс құруымыз керек. Ертеңгі күні барлығы істелініп кететін болса уранымыз өзімізде. Одан біз миллиардтаған ақшаны өзімізге аламыз.