Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Менің нәтижем -менің жетістігім» атты дебаттан турнир өтті. Алғырлық пен ақыл-ой сыналатын сайыс Еңбек күні мерекесі аясында ұйымдастырылған. І-шараға 54 студент қатысты.


Пікірсайыс турнирінде 20 топ бақ сынасты. Әр команда 2 адамнан тұрады. Дидар Айтмұқанның дебат ойындарына қатысып жүргеніне 3 жыл. Пікірсайыс арқылы студент біраз шыңдалдым дейді.


ДИДАР АЙТМҰҚАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

- Дебат ойындары маған не берді? Мен көпшіліктің алдында сөйлеп, ораторлық және импровизациялық қасиеттерді үйрендім. Білім және ғылым министрлігі осыдан 3-4 жыл бұрын Америка елдерінен дебат ойындарын әкелген. Содан бастап жастар арасында өрбіп келеді.


Дебат – сөз бен ойдың тартысы. Бұл сайыстың түрі қыз-жігіттерді зерттеп-зерделеуге, жүйелі сөйлеуге, ойын тура жеткізуге және өз бағытын дұрыс ұстануға үйретеді.


ҚҰНДЫЗ МАЛҒАЖДАРОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Дебаттық сайыстың мақсаты – жастарды жауапкершілікке, адал еңбек етуге және сыни тұрғыда ойлауға шақыру.


Сайыс соңында маңызды пікір, ұтымды ұсыныс білдіріп тапқырлықтарымен көзге түскендер марапатталды.