• Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың қазан айының 1 күні аяқталатынын хабарлайды. Салықты онлайн түрде төлеуге мүмкіндік бар. 

  • Есептелген мүлік салығының сомасын мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе e-Salyk Azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында біліп, дайын деректемелерді пайдалана отырып төлемді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

  • СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:   
  • - Мүлік салығын төлеу меншік құқығы алынған айдың 1-күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін немесе 1-ші күніне дейін меншік құқығының нақты иелену кезеңі үшін жүргізіледі. Осылайша, егер пәтер 2023 жыл ішінде сатылған болса, салық төлеуші мүлік иелігінде болған кезең үшін салық төлеуге міндетті болып қалады.

  • Салықты уақытылы төлемеген жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл алынады. Сонымен қатар, салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Бір ай көлемінде салық төленбесе, арнайы салық бұйрығы шығарылады.

  • СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:   
  • - Жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы» хабарламаны, «жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық тапсырмасын» ерікті түрде орындамаған жағдайда, материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін тікелей жеке сот орындаушыларына беріледі. Жеке сот орындаушыға өткеннен кейін қарыз адамға ел шекарасынан шығуға тыйым салынады және оның мүлкіне, банк карточкаларына шектеу қойылады.

  • Айта кетейік, 2023 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың қазан айының 1 күні аяқталады.

  • Зарина Кәп