Петропавлда полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмысты күшейтті. Тәртіп сақшылары кезбелер жүретін орындарға күнделікті рейд жүргізіп жатыр. 


Жылу трассалары, көпқабатты үйлердің жертөлелері, базарлардың айналасы және үйсіздердің пайда болуының басқа да ықтимал орындары — полицияның ерекше назарында. Қабылдап-таратқыштың іріктеу тобы белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау үшін рейд өткізеді.


Үйсіздер қылмыс жасағаны үшін, хабар-ошарсыз кеткендер мен іздестірілгендердің тізімдері бойынша сәйкестендіру және тексеру мақсатында қабылдап-таратқышқа жеткізіледі. Жеткізілгендердің барлығы тізімдік есепке қойылады. Күздің басталуымен Жұмысшы кентінде "Жылы үй" өз жұмысын бастайды. Онда полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды аяздан құтқару үшін жеткізеді. Бұл жұмыс 16 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатқан "Учаске" жедел-алдын алу іс — шарасы аясында күшейтілді.


БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ҚАБЫЛДАП-ТАРАТҚЫШТЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Күн сайын қабылдау-тарту орнының іріктеу тобы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу орнына жеткізеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды кездестірген жағдайда қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 52-92-99 телефон нөмірі арқылы немесе «102» нөміріне хабарласу қажет. 


Жыл басынан бері іріктеу тобының қызметкерлері үйсіз адамдарды тексеру үшін 1600-ден астам рет жеткізді.