Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресей командасымен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңімпаздар қатарында — жерлес спортшы Сәния Аскер де бар. Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.