Петропавл қалалық соты СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновке қатысты үкім шығарды. Ол делдал арқылы облыстағы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге пара алу бойынша кінәлі деп танылды.


Сот үкімі бойынша Мұстафинов енді өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. ОЛ 30 млн теңге мөлшерінде, ал пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


ДАНИЯР БИҒАЙДАРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

- Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі Істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомсволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмауы үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы жауапқа тартылды. Атап айтқанда, комитет әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды.