Итпен серуендеудің де өз ережесі мен әдебі бар. Жыл басталғалы бері облыста жануарларды серуендету талабын бұзған 191 адам жауапқа тартылып, 213 хаттама толтырылған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 млн теңгеден асып жығылады.
Облыстық санитариялық-эпидемилологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша жыл басталғалы бері 486 адамды ит қапқан. Оның жартысынан астамының иесі бар. Бұл үшін де ит иелері жауапқа тартылып, айыппұл арқалайды. Тұрғындар жануарын серуендетерде мына ережелерді жадында ұстауы тиіс.
АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Тұрғындар көбіне иттерін тұмсыққағарсыз және арнайы баусыз көшелерді серуендетеді. Бұл ережеге сәйкес келмейді. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қалдықтарын да жинамайды. Иттердің адамға шабуыл жасаса да иесі жауапкерпшілікке тартылады.