Заречный кентінде тасқын кезінде зақымданған нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақжар ауданынан келген механикалық бригада өкілдері мұнда 10-шы мамырдан бері жұмыс істеуде.


80 жастағы Виктор Стариковтың мұнда тұрып жатқанына 50 жылдан асқан. Өз қолымен тұрғызған 120 шаршы метр болатын үйі көктемгі су тасқыны кезінде бүлінді. Тұрғынның айтуынша тұрмыстық техникалар мен үй жиһаздары пайдалануға жарамсыз.


ВИКТОР СТАРИКОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Жігіттер жақсы жұмыс істеп жатыр. Олар тамыз айының ортасына қарай үй дайын болады дейді. Едендерді ауыстырып, жиһаздарды шығарды. Ертең тағы да еденге арналған құрылыс материалдары келуі керек. Бригаданың істеп жатқан жұмыстарына көңілім толады.


Ақжар ауданынан келген 5 механикалық бригада құрамында 35 адам мен 19 техника бар. Қазір жөндеу жүріп жатқан үйлерде тек еден ауыстыру мен түсқағазды жабыстыру жұмыстары қалған. Механикалық бригада құрылысты тамыз айының ортасына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.


ҰЛАН ХОРШАТҰЛЫ, АҚЖАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛIМI БАСШЫСЫ:

- Бірінші Заречный ауданында 89 үй болған. Соның 64-і апатты деп танылды. 22-і сіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болатын. 22-нің ішінде 12 үйді тұрғындардың өздері жөндейтін болды. Біздің бригаданың көмегімен 10 үй жөнделу керек болатын. Бүгінгі күнде 4 үй жөнделіп, тапсырылды. 6 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал апатты жағдайдағы 64 үйдің 46 -сы толық сүріліп,шығарылды.


Айта кетейік, Заречный кентінде тасқын су салдарынан 239 зақымданды.


Ерлан Жұмахан