Петропавлда 30 шілдеде бүкіл әлем бойынша атап өтілетін Адам саудасына қарсы күрес күніне орай іс-шара өтті. Өзекті проблемаға назар аудару мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындарға жүрек түріндегі тәтті тоқаштарды таратты.


Кең ауқымды ақпараттық науқанды облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Жедел уәкілдер Петропавл қаласының орталығындағы сауда үйлерінің бірінде кешкі акцияны алдын ала жариялап, қала тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты.


Ерболат Серғалиев, СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

- Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы осы датаға орайластырылған іс-шаралар өткізуде. Іс-шараның мақсаты халықты ақпараттандыру. Біздің мақсатымыз адамдарды ескерту, оларға алданып қалмау туралы айту. Бұл қағида барлығымызға бірдей. Ол туралы осы ақпараттық буклеттерде жазылған, олар көбейтілген және бүгін Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына таратылады. Сонымен қатар "Көгілдір жүрекше" түріндегі кіші гірім тәттілерді тарата отырып, біз адам саудасына қарсы күресте бірге екенімізді көрсетеміз. Қоса айтарым қазіргі уақытта дам саудасына қарсы күрес заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілуде. Шаралар қатаңдатылуда. Олар 5 қыркүйекте заңды күшіне енеді.


2024 жылы «Біріккен Ұлттар Ұйымы» «Адам саудасына қарсы күресте көмекке мұқтаж бірде-бір баланы ұмытпау» тақырыбын айқындады. Халықаралық бастаманы қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп осы ақпараттық науқанды жүргізді", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев. Жадынамалар мен буклеттерде адам саудасына байланысты криминалға маманданған қылмыскерлердің әрекеттерінің мақсаттары, әдістері мен тәсілдері туралы тезистері және осы қылмыстың құрбаны болмаудың жолдары келтірілген.


Любовь Бессонова, Әйелдерді қолдау орталығының психологы:

- «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылдан бері жұмыс істейді; оның негізгі бағыттарының бірі: адам саудасына қарсы әрекет ету. Біз оңалту қызметтерін көрсетеміз, адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жаңа заң қабылдау тобында жұмыс істейміз. Іс-шараны мақсатты топтар үшін өткізіп жатырмыз. Егер сізде адам саудасы фактілері туралы қандай да бір ақпарат бар болса: 46 33 26 телефонына немесе ұялы 8 777 504 77 73 қоңырау шалыңыз.


Полиция қызметкерлері тұрғындарға адам саудасына немесе осындай белгілері бар жағдайға тап болса «102» нөміріне немесе «116 16» сенім телефонына дереу хабарласуға болатынын еске салады.