Астанада атқа мінген 30-ға жуық шабандоз тазы иттерін ертіп Елорданың көрнекті жерлерін аралап шықты. Ерекше қойылым 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұйымдастырылған.


Қатысушылар «Барыс Аренадан» бастап, Бұқар жырау, Түркістан, Орынбор, Ақмешіт, Достық, Қабанбай батыр даңғылдарымен жүріп өтті. Сондай ақ, этно-спектакль эстафетасын ойын басталғанға дейін әр өңірде ұйымдастыру жоспарланған. Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық шабандоз қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, осы аралықта Астанаға 100 мыңнан астам турист келмек.