Өңірде жұмысшыларына уақытылы еңбекақы төлемеген кәсіпорындар бар. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 251 адамның жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам еңбекақасын ала алмай жүргенін анықтаған. Жалақы төлемеген кәсіпорындарға 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Биыл жыл басынан бері облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 176 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 121 фактісі анықталды. Жұмыс берушілерге олқылықтарды жоюға 67 ұйғарым шығарылды. Айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 11,2 млн теңгеге 63 заңды тұлға тартылды. Сондай-ақ, биыл өндірісте 14 оқыс оқиға орын алып, 17 адам зардап шеккен. 2 адам мерт болған.


АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында «Чистотел» ЖШС-де өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Құрылған комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы анықтады. Себептері: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру және қауіпсіз еңбек техникасы блйынша оқытудағы кемшіліктер. Тергеу қорытындасы бойынша жұмыс берушінің кәнісінің дәрежесі 100 пайыз анықталды.