Облыстық сотта «Кінәсіздік презумпциясы» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты адам құқығына қатысты принцптерді көтеріп, олардың сақталу нормаларын көпке түсіндіру. Семинарға судья, прокурорлар, адвокаттар мен БАҚ өкілдері, барлығы 40-қа жуық маман қатысты.


Заң саласында кінәсіздік презумпциясы қашан да өзекті мәселе. Елімізде бұл қағида ҚР Конституциясының 77 бабында көрсетілген. Яғни адамға қатысты сот шешімі заңды күшіне енгенше, ол кінәлі болып есептелмейді. Бұл тек қылмыстық процесстерде ғана емес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде де сақталуы тиіс – дейді, облыстық адвокаттар алқасының мүшесі – Марат Мәліков.


МАРАТ МӘЛІКОВ, АДВОКАТ:

- Бұл кінәсіздік презумпциясы жалпы тергеп-тексеру басталғаннан бастап, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі көптеген процесстің жиынтығы. Оның ішінде адам құқығын таптауға болмайды делінген. Принциптер бар. Ол қорғалуға мүмкіндігі болу керек адамның. Адамның өзі білетін тілінде, ана тілінде істі жүргізуге мүмкіндігі болуы керек. Соттың ашықтығы болу керек.


Кінәсіздік презумпциясына қатысты семинар-тренингтертер осыған дейін еліміздің басқа да қалаларында өткен. Мәселен іс-шара Алматы қаласында өз бастауын алып, нәтижесінде 100-ден астам білікті сарапшының шығуына себепкер болды. Бүгінгі семинарға да арнайы «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры – Анар Ибраева шақыртылған. Заң ғылымдары кандидатының айтуынша «Кінәсіздік презумпциясының сақталмауына бірнеше жағдай әсер етеді. Әдіс-тәсілдердің бәрі өзіндік белгілі бір жүйе құрайды. Ал олардың бірі бұзылса, жағдай әрі қарай қадағалаудан шығып кетеді.» - дейді.


АНАР ИБРАЕВА, «ҚАДІР-ҚАСИЕТ» ҚБ ДИРЕКТОРЫ:

- Кінәсіздік презумпциясы біз үйреніп қалған жәй қағида ғана емес. Бұл адам құқықтары. Егер менің белгілі бір құқықтарым болса, мемлекет соған қажетті жағдайды маған жасап беруі тиіс. Адам адвокат көмегіне жәйдан-жәй өзі жүгіне алмайды. Адвокаттар оларға қажетті жағдайды ұсынуы керек. Бөлек бөлмеде, белгілі бір уақыт аралығында құпиялылықты сақтай отыра көмектеседі.


Елімізде өткен жылдан бері 23 тәуелсіз бақылаушының қатысуымен арнайы 60-тан астам бақылау жұмысы жүргізілді. Қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар назарға алынған. Нәтижесінде 22 қылмыстық іс жүргізудің 8-інің сақталмағаны анықталды.