Бүгін СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірқатар БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты жиынға өңірден 30-ға жуық маман қатысты. Олардың ішінде біздің телеарнаның өкілдері де бар.


СҚО мемлекеттік кірістер департаменті елдің эконмикалық-әлеуметтік жағдайын халыққа хабардар етуді басты міндеттері деп біледі. Сондықтан да, БАҚ қызметкерлерімен тығыз байланыс орнатқан. Осы арқылы халықты қажетті ақпаратпен қаматамасыз етіп отырамыз дейді, қызметкерлер.


НАТАЛЬЯ НЕКРАСОВА,СҚО МКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік орган бола отырып, Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша қоғамның хабардарлығын арттыруды басты орынға қояды, ол үшін біз бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуыме жұмыстар жүргіземіз. Бұл дегеніміз радио, теледидар, LED-экрандар, баспа материалдары, телекоммуникациялық брифингтер және басқалары.

Салтанатты жиында СҚО Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Саян Мейрамов сөз сөйлеп, тілшілерге алғысын білдірді. Ол БАҚ саласында қызмет ету жауапты да мәртебелі жұмыс екенін атап өтті. Жиынға өңірдегі БАҚ өкілдері, жарнамалық агенттік қызметкерлері мен блогерлар қатысты.

ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, ЖУРНАЛИСТ, "QZ MEDIA PORTAL" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Қандай да бір ұйым болмасын бізді әрқашан құрметтейді. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ кәсіби мерекемізбен құттықтап шақырып жатқанына рақмет. Олар салық саясатын жүргізумен, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен айналысады. Сондықтан да, біз ұйымның жаңалықтарымен халықты хабардар қылып отырамыз.


Басқарма басшысы мерекелік жиында 9 қызметкерді алғыс хатпен марапаттады.


Ерлан Жұмахан