Биыл Жамбыл ауданында 164 оқушы мектеп бітірді. Жергілікті кәсіпкер Екпін Әбиев биыл да үздік түлектерді марапаттап, "Отбасы Банкінің" 100 мың теңгелік сертификатын табыс етті.


Мектеп бітірушілердің 8-і үздік деп танылған. Олардың екеуі «алтын белгі» иегері атанса, қалған алтауы «үздік аттестат» алған. Солардың бірі- Ерасыл Сайран. Ол Қожаберген Жырау атындағы Преснов жалпы орта білім беретін мектеп түлегі. Ерасыл Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне IT-мамандығына түсуді жоспарлап отыр екен.


ЕРАСЫЛ САЙРАН, МЕКТЕП БІТІРУШІ:

- Мен мектепті қызыл аттестатқа бітірдім. Экзамендерді өте жақсы тапсырдым. Соңғы ЕНТда 109 балл алып, қойған мақсатқа жеттім. Өз ата-анама, мектебіме,организаторларына ризамын.Сыйлаған 100мыңына ризамын. Менің ойымша болашақта бұл ақша маған үлкен көмек береді.


2018 жылдан бастап жыл сайын меценат мектептердің үздік түлектеріне 100 мың теңгенің сертификатын беріп келеді. Бүгінде бұл игі дәстүрге айналған. Алты жыл ішінде Екпін Әбиев жастардың болашағына жалпы алты млн теңгеден астам қаржы салған.


ЕКПІН ӘБИЕВ, КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ:

- Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас. Осы балаларға берген менің батам шығар. Соны көбі түсініп жилстройға тағы салып жатыр. Бұл балаларға келешекке көмек. Бұл балалар еліміздің болашағы.


Түлектерге берілген ақшалай қаражат "AQYL"депозитіне салынады. Ол жастардың білім алуына ақша жинақтауға мүмкіндік береді. Жылдық мөлшерлеме 12% құрайды.


АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- «Ақыл» депозиті балаларға өте ыңғайлы. 10 млн теңгеге дейін кепілдік қоры бар. Әрбір Қазақстандық өз атына немесе баласының атына осындай шот аша алады. Болашақта баласы оқуға түскен кезде екінші деңгейлі банктерден несие алмас үшін өте тиімді.


2018 жылдан бастап аудандық кәсіпкер 55 түлекке осындай ақшалай сыйлық берген.