Петропавлда балалар мен жасөспірімдер арасында брейк-дэнстен чемпионат өтті. Оған әртүрлі жастағы 80-ге жуық бала қатысты. Қатысушылар түрлі санатта бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.


Брейк данс –хип-хоп мәдениетіне жататын көше биі. Қазіргі таңда ол спорттың бір түрі ретінде балалар мен жастар арасында өте танымал.


АЙША ДӘСТЕМ, ҚАТЫСУШЫ:

- Менің жасым- тоғызда. Брейк-данс билеп жүргеніме 2 жыл болды. Билегенді қатты жақсы көремін. Бұл-спорт секілді. Әрдайым жаттығу үстінде болуымыз керек.


ТАГИР НҰРЛАНҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ:

- Брейк- бұл спорттың өте қызықты, әрі іш пыстырмайтын түрі. Билеп жүргеніме 4 жыл болды. Жетістіктерім жетерлік. Қазақстанның және Ресейдің көптеген қалаларына барып, жүлделі оралдым.


Петропавлда брейкингтен чемпионат 3-жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Оған 80-ға жуық бала қатысты.


ЕСМҰХАМБЕТ ИМАМБАЕВ, «СТАНЦЫЯ» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің қатысушылардың әрқайсы дерлік талантты. Мұнда тек бишілер ғана емес, диджейіміздің өзі де кішкентай бала. Бидің бұл түрі негізі спортқа да өте жақын. Жалпы, сайысқа 4 жастағы балалардан бастап жасөспірімдерге дейін қатысады.


Сайыс соңында қатысушылар мен жеңімпаздар түрлі ынталандырушы сыйлықтармен марапатталды.