Облыстық мәслихат депутаттары Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысына мониторинг жүргізіп жатыр. Құрылыс алаңында болған олар Петропавл қаласының әкімімен кездесті.


«Бірлік» шағын ауданда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 700 үй салынып жатыр. Алғашқы 53 баспана пайдалануға берілді. Қалғаны да кезең-кезеңмен берілмек. Үйлермен бірге ойын алаңдары да салынған. Жаңа балабақша құрылысы жүріп жатыр.


СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осы айда жоспар бойынша 150 үйді тапсырамыз. Жұмыстың сапасын техникалық бақылаудан өткіземіз. Үйлердің сапалы болуын қамтамасыз етеміз.


ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

- Енді үйдің салынуы бір басқа,бұл үйлердің сапалы салынуы маңызды.Ертең қабырғасы жарылып немесе фундаментіне сызат түсіп жатса бұл атқарған жұмысқа үлкен сын болады.Сондықтан облыстық мәслихат депутаттары,тұрақты комиссия мүшелері депутаттық бақылау аясында осы құрылыч алаңдарына келіп,үйлердің сапасын тексеріп,жергілікті биліктің атқарып жатқан жұмысымен танысып үнемі осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.


Ерлан Жұмахан