Жыл басынан бері облыста 189 өрт тіркеліп 16 адам қаза тапты. Келтірілген шығын көлемі 60 млн теңгеге жуық. Өткен жылмен салыстырғанда облыста өрт саны мен шығын көлемі төмендеген. Айта кетейік былтыр өңірде 285 өрт тіркеліп 16 адам қайтыс болған. Ал келтірілген шығын көлемі 365 млн 758 мың теңге. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері баяндады.


Құтқарушылардың айтуынша өрттің 74% - ы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Осы жылы 189 өрт шықса, 140-ы жер үйде болған. Оның негізгі себебі - электр құрылғыларды дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.


АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- 8 маусым күні сағат 4 кезінде Ғ.Мүсірепов ауданы Андреевка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Тілсіз жауды ауыл тұрғындары өрт сөндірушілер келгенше ауыздықтауға тырысты. Бірақ тұрғын үй толығымен жанып кетті. Салдарынан 1968 жылғы әйел қайтыс болды.


Брифинг барысында суға шомылу маусымы да сөз болды. Өткен жылы дәл осы уақытта 5 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Биыл қайғылы оқиға тіркелмеген. Жалпы СҚО аумағында 2 мыңнан аса көл бар. Олардың тек 60 да ғана шомылуға рұқсат етілген. Айта кетейік шомылу кезеңі 1 маусым күні басталды.


РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

- Осыған байланысты.....50 мыңнан астам адам қамтылды.


Айта кетейік , Петропавлда шомылуға рұқсат етілген тек екі орын бар. Бұл Пестрое көлі мен Есіл өзеніндегі қалалық жағажай.