СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов ауданында болды. Көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, шаруашылық басшыларымен кездесті. Жұмыс барысында егіс науқанының өзекті мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.
Өңірге жұмыс сапарымен келген елдің ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «АЗКО-Пески» ЖШС жұмысымен танысып, агроқұрылымдардың басшыларымен кездесті. Көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, егіс науқанының өзекті мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
- «Кең дала-2» атты жаңа бағдарлама басталды. 5 пайыз субсидиясыз алу мүмкіндігі бар. Біз субсидияны қаржы институтымен тікелей аударатын боламыз. Сондықтан бұл бағдарламаға белсенді қатысу керек. Өздеріңіз білетіндей бұған дейін 70 миллиард болды, кейін тағы 70 млрд қосылып, 140 болды. Қазір қосымша 400 млрд. Бізде көктемгі егіс алқаптарына барлығы 580 млрд қарастырылды. Көктемгі дала жұмыстарына қаржы бар. Біз бір жарым триллионға дейін жеткіземіз. Бірақ, жұмыс та сәйкесінше жүргізілуі тиіс.
Мал азығы дақылдарын тамшылатып суаруды белсенді дамытып келе жатқан «Азко Пески» серіктестігі 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Шаруашылықтың 6 мың 476 гектар егістік алаңы бар. Оның 1542 гектарында көктемгі егістік жұмыстары жүргізілген. Минералды тыңайтқыштар сатып алынған. Серіктестік көктемгі дала жұмыстарын іске асыру үшін, қажетті техникамен, ЖЖМ-мен, қосалқы бөлшектермен, қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кәсіпкерлікте 64 адам жұмыс істеп жатыр. Орташа жалақылары 221 мың теңгені құрайды.
АЙДАР ЖАНҰЗАҚОВ, «АЗКО-ПЕСКИ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Бізде суару жобасы 400 млн-ды құрайды. Қазіргі уақытта 336 млн-ы игерілді. 200 гектарға бір суармалы жаңбыр қондырғысы орнатылды, екі аптадан кейін іске қосамыз. Ал екінші суармалы бөлігі 125 гектар жерде орналасқан. Қазіргі уақытта оны құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл осы екі жобаны игеріп, іске қосамыз.
Кейін облыс әкімі мен ауыл шаруашылығы министрі Пески орта мектебінінің жұмысымен танысты. Оқу ордасында 117 оқушыға 25 ұстаз білім береді. Биыл 11 сыныпты 4 оқушы тәмамдаған. Облыс әкімі түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
- Пожелать вам здоровья, благополучия. Сегодня каждый из вас будущий специалист.
СҚО әкімі мен Ауыл шаруашылығы министрі Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ағаш отырғызды. Іс-шараға мектеп түлектері де қатысты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
- Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Барлық жерде көгалдандыру жүріп жатыр. Мектептердің, үйлердің жанында тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызу қолға алынды. Сондықтан біз қайда тұрсақ та әрқашан тәртіп орнатуымыз керек. Бұл біздің еліміз, жеріміз, бұл біздің Отанымыз.
Егістік жұмыстары Раисовка ауылындағы «Раисовская» жшс-де да атқарылып жатыр. Елді мекеннің гүлденуіне серіктестік басшы Владимир Коваленконың септігін тигізуде. Бүгінгі күні серіктестікте 25 адам қызмет атқаруда.
ДЕНИС КОЗЛОВ, «РАИСОВСКАЯ» ЖШС БАС АГРОНОМЫ:
- Бұл жерде егістік жұмыстарына дайындық, яғни астықты өңдеу мен кептіру жүргізіледі. Барлық жұмыстар егістікке байланысты. Қазіргі уақытта ауа-райының жағдайына байланысты жұмыстар аздап тоқтады. 24 сәуірден бастап біз ылғалды қысқа үзілістермен ұстай бастадық. 8 мамырда бұршақ дақылдарына көштік. Кейін бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, дәнді дақылдар отырғызыла бастады.
Аймақ басшысы мен ауыл шаруашылығы министрі жергілікті аграрийлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Айдарбек Сапаров мемлекет тарапанынан көрсетіліп жатқан қолдауға тоқталды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
- Мемелкет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр, тұқымнан бастап, удобрениядан бастап, қазір барлығын ауыстырдық. 60 та 40 қылып. Удобренияны 10 пайызға көтердік. Сосын спец.счетты аштық. Қазір механизмін ауыстырдық. Кімде қаржы жоқ, қарызға күзге дейін алуға болатындай жағдай жасадық. Ал енді жанар жағармайды айтатын болсақ, ол жерде да біраз жағдай жасалды. Дополнительный объем 36 тонна беріп жатырмыз.
СҚО әкімі мен ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарының соңында елді мекендегі әлеуметтік нысандар мен сауықтыру кешенін аралады. Жұмысқа оң бағасын беріп, ауылды көркейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.