Заречный кентінде тасқын судан зақым келкен үйлер қалпына келтіріліп жатыр. Қазір бұл жерде 10 мамырдан бастап М. Жұмабаев ауданынан келген механикалық бригада жұмыс істеуде. Оған 35 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Заречный кентінде жалпы 239 үй су астында қалған еді.
Бұл үйде Тагир Иксанов 55 жыл тұрған. Тасқын кезінде баспанаға су 1 метрден жоғары кірген. Толығымен суға кетпесе де зейнеткердің үйіндегі жихаздар жарамсыз болып қалған. Бірақ үйді қайта қалпына келтіруге болады.
ТАГИР ИКСАНОВ, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Қазір үйдегі едендердің барлығын алып тастап жатырмыз. Бұл жерде жұмыс өте көп. Бізге көмекке келгендер 2 күн бойы қоқыс пен жихаздарды сыртқа шығарып жатыр. Оларға алғысым шексіз. Жедел штабқа барғанымда бірден көмекке келді. Қабырғаларды, еденді барлығын қайта ауыстырып жөндеу керек.
М. Жұмабаев ауданынан келген механикалық бригада 10 мамырдан бастап жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 3 үйде су сору жұмыстарын жүргізіп, қоқыс пен бүлінген жихаздарды сыртқа шығаруға көмектескен.
ДОСТАН ТАСМАҒАНБЕТОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазір бұл жерде 5 механикалық бригада жұмыс істеп жатыр. ОЛ жерде 35 адам бар. Әр бригадада 7 адамнан. 10 мамыр 2 бригада ғана жұмыс істеп бастаған болатын. Себебі жұмыс қазіргідей көп болмады. Ал қазір су ақырын кетіп бастаған соң барлық 5 бригада осы жерге келіп іске кірісті. Бізде 5 камаз, 1 эскаватор және қоқыстарды артатын 1 техника бар.
М.Жұмабаев ауданынан келген механикалық бригада 67 үйге жауапты. Бүгінде бригада 150 тоннадан астам қоқыс шығарған. Қазір үйлерде кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.