Өңірде су тасқыны басталғалы 450ге жуық адам психологтардың көмегіне жүгінген. Қазіргі төтенше жағдайға байланысты өңірде жалпы осындай 24 маман тұрғындармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Және Петропавлдағы психикалық денсаулық орталығында 30 орын дайындалған.


Психолог мамандардың сөзінше, үйлерін су басқан тұрғындардың жүйкесі сыр беріп жатады. Себебі, бұл төтенше жағдайда тұрғындар шарасыз күйде қалып, психиологтардың көмегіне мұқтаж болады екен. Және аутизм диагнозы қойЫлған балалар арнайы эвакуациялық пунктерде тұра алмайды. Себебі оларға жайлы әрі кең орта қажет. Қазір үйлері су астында қалған 3 аутист бала емханада жатыр.


ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Психикалық денсаулық сақтау орталығының мамандары өңір тұрғындарына кез-келген жағдайда көмектесе алады. Бізге коронавирус кезінде де адамдар жүгінген. Тіпті орталықта жатып ем алғандары да болды. Олардың жағдайы дұрысталған соң үйіне жіберіледі. Арнайы есепке алынбайды. Қазір де су тасқынына орай арнайы орын дайындадық. Бірақ орталыққа жатуға ешкім мұқтаж емес. Егер қазір тасқын суға балйнаысты ата-аналары өтініп сұраса ешқандай көрсеткіш болмаса да психикалық аурумен есепте тұрғандарды емханаға жатқызамыз


Петропавлдағы нөмір 2-ші орта мектебінде құрылған эвакуациялық пунктті қазір 37 адам панаалап жатыр. Олардың 19-ы бірінші қалалық емханада диспансерлік есепте тұр. Негізінен егде жастағылар болған соң кейде оларға күні-түні көмек қажет дейді мамандар.


ИРИНА ЯКИМОВА, ПСИХОЛОГ:

- Үйі су астында қалып жатқандықтан көбі оны ауыр қабылдайды. Оларға жедел түрдле психологиялық көмек көрсетілмесе агрессия көрсетіп, стресске түсуі мүмкін. Ал біз оларға барлығы жақсы болатынын, ең бастысы өздері аман қалғанын түсіндіріп, ары қарай жол сілтейміз. Барлық эавкуациялық пунктерде біздің әріптестер күні-түні кезекшілікте тұр. Құтқарушылармен де тығыз жұмыс істеп жатырмыз.


Айта кетейік, су тасқыны басталғалы 450-ге жуық облыс тұрғыны психологтардың көмегіне жүгінген.