Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Корель» ауыл шаруашылық құрылымы егін және мал шаруашылығымен айналысады.
Осыдан 8 жыл бұрын кәсіпкер 5 түйе сатып алған. Бұл жануар екі жылда бір төлдейді. Қазіргі уақытта шаруашылықта 16 түйе бар. Қазір Рузаев ауылдық округінің тұрғындары біздің өңірде сирек кездесетін жануарды көру үшін арнайы келеді.
ВАСИЛИЙ КОРЕЛЬ, «КОРЕЛЬ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:
- Олар шөпті таңдамайды, бәрін жейді. Қыста сыртта тұрады. Оларға ешқандай қора қажет емес. Жазда түйелерді жайылымға шығарымыз. Олар көктем мезгілінде күйлейді. Негізінен өте тыныш жануарлар.