Полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге күнделікті тұтынатын тауарларға телефонға белгісіз қосымшаларды орнатпауға шақыратын жапсырмалар қоюды ұсынды. Бизнес өкілдері интернет-алаяқтық схемалары туралы ескертетін ақпаратты барынша кеңінен таратуға қолдау білдірді.


Тәртіп сақшыларының ұсынысын Петропавл нан-тоқаш комбинатының басшылығы мен өзінің наубайханалары бар «Семейный» супермаркеттер желісі қолдады.


Миржан Махмет, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Бүгінгі таңда интернет-алаяқттық тіркелген құқықбұзушылықтар арасында жетекші орын алады. Осыған байланысты криминалдық полиция басқармасы нан-тоқаш комбинаты және «Семейный» супермаркеттер желісімен келісіп, халықты кретивті түрде, атап айтқанда - өндірілетін өнімге ақпараттық материалды жапсыру арқылы хабардар етіп жатыр.


Енді Петропавл тұрғындары нан мен торттарды сатып алған кезде, «Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады,» «HopToDesk», «RustDesk», «AnyDesk», «TeamViewer» «қосымшаларын көшіріп алуға көндіреді» деген екі тілде қысқаша мәтіні бар жапсырманы көреді.


Бақытжан Фаткулина, «Семейный» супермаркеті директорының орынбасары:

- Өзіміздің өнімге ақпараттық материал орналастырдық. Осылайшга біздің полиция департаментімен ынтымақтастығымыз интернет-алаяқтық фактілерін азайтады деп үміттенеміз.


Бүгінде қашықтықтан басқару бағдарламалары кең таралған, әрі олардың түрлері де көп. Олар бөгде адамға телефонды толық бақылауға алуға мүмкіндік береді. Алаяқтар осындай бағдарламаларды банк операцияларын орындау үшін пайдаланады. Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер мұндай ынтымақтастық киберқылмыстардың санын азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.


Галина Аширова, зейнеткер:

- Менің ойымша, бұл өте пайдалы, барлық ақпаратты қызыл жапсырмалардан оқып алуға болады. Бүгін мен Халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Несиелерден өз еркіммен бас тарту туралы құжат толтырдым.


Солтүстік Қазақстан облысында 3 айда барлығы 178 интернет-алаяқтық тіркелді. Олардың үштен бірінен астамы - "банктен қоңырау шалу" схемасы бойынша жасалған.