Алаш ардақтысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына биыл 135 жыл. Қазақ прозасы мен драматургиясына өлшеусіз үлес қосқан заңғар жазушының дара да, даңғыл жолы бүгінгі ұрпаққа айнымас темірқазық іспеттес. Көсемсөз шеберінің өміршең туындылары бүтін бір дәуірдің, тұтас бір ұлттың тағдырын көрсете білді. «Күнекейдің жазығы», «Қартқожа» және «Ақбілек» романдары қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларына айналды. Бүгін Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында алаш арысының есімі ұлықталып, шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.


ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ

- Жүсіпбек Аймауытовтың тілі өте шебер, өте мөлдір. Ақындықпен араластырып, жазады романдарын. Оның ең күшті мықты халықтың жүрегіне жеткен романдары «Ақбілек» романы, «Қартқожа» романдары бар. Сонымен қатар оның драмалық щығармалары алғаш рет қойылған. Драмалық шығармалараға республикалық конкурс жарияланған. Сонда оның драмалық шығармасы бірінші орын алған.


Алмагүл Тастанова