Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ұлттық лиганың 4-тур ойындары басталды. Өткен үш турдың қорытындысы бойынша жерлестеріміз көш бастап тұр.
Алғашқы кездесуде «Қуаныш» волейбол клубы түркістандық «Тұран» командасымен шығып жеңіске жетті. Бірінші кезеңде Түркістаннан келген спортшы қыздар жерлестерімізден басым түсті. Таблода 30:32 есебі тіркелді. Ойынның екінші бөлімінде солтүстікқазақстандықтар есепті теңестіріп, үшінші кезеңде «Қуаныш» қыздары 25:18 есебімен тағы жеңіске жетті. Алайда «Тұран» клубы партия бойынша 2:2 есебімен теңестірді. Бесінші бөлімде қызылжарлықтар өздеріне қажетті ұпайларды алды. Биылғы волейбол маусымында «Қуаныш» пен «Тұран» командалары жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді.