Уәлиханов ауданында жылқыны іздеуге шығып, адасып кеткен екі адам аман табылды. Оларды облыстық ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ атты жол талғамайтын көлікпен іздестіріп, сағат 08:28 минут кеткенде жақын маңдағы ауылдардың бірінің жанынан тапты.


1969 жылы туған жылқышы мен 1976 жылы туған тракторшы 20 ақпан күні сағат 11:00 шамасында МТЗ тракторымен жылқыларды іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Екі ер адамды іздеуге құтқарушылар, полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері, тұрғындар, барлығы 26 адам және 10 техника шықты. Табылған тұрғындарға медициналық көмектің қажеті болмады.