Облыс полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалға назар аударайық.


- Аккайынский РОВД, майор полиции Ризаханов, профилактика интернет-мошенничества, чтобы не попасться на уловки мошенников, будьте добры, дома прочитайте.


Интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын тәртіп сақшылары ұдайы жүргізіп тұрады. Алайда кәдімгі жадынама үнемі қол астында болмайды. Сондықтан жаһандық проблеманың қауіпі туралы ескерту үшін тәртіп сақшылары алдын алу сипатындағы ақпаратты полиэтилен пакеттерде басып шығаруды ұсынды. Бұл бастаманы белсенді азаматтық ұстанымы бар жергілікті жеке кәсіпкер Сергей Веккерле қолға алды.


Сергей Векерле, жеке кәсіпкер:

- Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, интернет-алаяқтықты болдырмау үшін 30 мың дана пакет басып шығардым) 00535 00:03-00:11 (Соңғы уақытта достарымнан, таныстарымнан алаяқтардың кодтарды сұратып хабарласатыны туралы естіп жүрмін. Тұрғындарды бұндай қоңырауларға сенбеуге шақырамын.


Осындай мақсатпен аудандық полиция бөлімінде өткен кеңесте полицейлер мен прокурорлар жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Тауар салуға арналған пакеттер аққайың ауданындағы әр дүкенге таралуы үшін жиын қатысушылары оларды өзіндік құнымен кәсіпкерлік бөлімі арқылы сатып алу туралы келісімге келді. Бұл жұмыстар кибералаяқтықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында өткізілді.


Әлнұр Ахмедьяров, Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы:

- Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың арасында интернет-алаяқтық фактілеріне жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Қазргі уақытта жеке кәсіпкер Векерле Сергей Юрьевичпен бірлесіп, отыз мың тауар пакеттерін дайындап шығардық. Пакеттердің сыртында интернет-алаяқтықтың қаупі туралы маңызды ақпарат жазылған.


 Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыс барысында алаяқтықтың қаупі жайлы әр адамға айтуды көздейді. Жыл басынан ауданда интернет-алаяқтық фактілері тіркелмеген, бірақ өткен жылы қаскөйлердің әккі әрекетінің салдарынан 9 адам зардап шеккен. Барлық жағдайда «банктенбіз» деп өздерін таныстырған алаяқтар хабарласқан. Жүздеген мыңнан 3,5 миллион теңгеге дейінгі шығын келтірілген. Полицейлер телефон арқылы қаржылық мәселелерді шешпеуді сұрайды. Сондай-ақ әлдебіреулердің қысым көрсетуімен несие алып, ақша аудармау қажет. Телефонға бейтаныс қосымшаларды орнатпауды да ескертеді.