25 наурыз бен 24 сәуір аралығында Zhas Project әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылданады. Жоба аясында жастарға 1 миллион теңге көлемінде шағын грант беру көзделген. Бұл туралы Елордадан келген жоба жетекшілері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.


Жоба ауқымы кең, еліміздің 20 өңірін қамтыған. Байқауға NEET санатындағы экономикалық, әлеуметтік немесе саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін, оқымайтын жастар, 18 бен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.


ШЫҢҒЫСХАН ҚОЖАХМЕТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Құжаттарды қабылдау басталады. Ол 1 ай көлемінде болады. Одан кейін мамыр айының басында біз осы конкурс жеңімпаздарын анықтап, құжаттарының дұрыстығын, әлеуметтік жобалардың маңызын, жергілікті әлеуметтік мәселелерді реттеуге арналған жобалардың маңыздылығын бақылап, сараптап, арнайы конкурстық комиссия болады


 Байқауға ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталып, 4 айдың ішінде іске асырылуы тиіс. Жоба барысында білікті жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді, психологтарды және әлеуметтік жобаларды іске асыру мамандарын тарта отырып, жастарға заңгерлік және консультациялық қолдау көрсетіледі.


ШЫҢҒЫСХАН ҚОЖАХМЕТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Сол іріктеуден өту арқылы 8 грант берілетін болады. Осы Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысының әрбір жас азаматы осы санатқа кіретін, конкурстың ережелеріне сай болатын азаматтар қатысып жеңімпаз атанып, облыстың дамуына үлесін қосуға мүмкіндіктері бар.


2024 жылғы 15 мамырда интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде іріктеу нәтижелері жарияланады. Ал қараша айында үздік жобалардың қатысуымен қорытынды форум өтеді.