Қаңтар айында өңірде прокурорлар, дәрігерлер, педагогтар, қамқоршылық және басқа да мүдделі органдар өкілдерінен құрылған мобильдік топ 29 қолайсыз отбасыны анықтады. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 47 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Өткен жылдың қыркүйек айынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына қарсы күреске қатысуда. Оларға прокурорлар, дәрігерлер, педагогтар, қамқоршылық және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді. Мессенджерде анықталған мәселелер туралы ақпарат орналастырылған ваТСап чат құрылды. Бұл мәселелер бірлескен тексерулер барысында пысықталады.


Сағидулла Итекбаев, СҚО ПД ЖПҚБ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Мұндай мобильді топтар облыстың барлық аудандарында құрылған. Бүгін мобильді топ түскен ақпарат бойынша ұүш отбасында болды. Олар қиын тұрмыстық жағдайға тап болған.


 Мәселен тексерістердің бірінде мобильді топ мүшелері үш немересінің қамқоршысы болып табылатын Петропавл қаласының тұрғынына барды. Балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылған, бірақ кей кездері мас күйінде келіп, отбасы берекесін алып кетеді екен.


- Ну, вы желаете, чтобы она сюда приходила к детям, или нет? — Нет, конечно. Почему — потому что из-за неё, ну, как, проблемы у детей


 Тәртіп бұзған анаға қорғау нұсқамасы шығарылды. Келесі 30 күн ішінде ол балаларға келмеу және оларға қоңырау шалмау сияқты бірқатар шектеулерді сақтауы қажет. Құқықбұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынады. Сонымен қатар, әжесі полициядан немерелерінің анасын ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы кеңес сұрады. Осыған ұқсас жұмыстар әр аудандарда құрылған мобильдік топтармен жүргізіліп жатыр.


 Айнагүл Сауытбекова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

- Осы жылдың қаңтар айында 121 рейд өткізіліп, олардың барысында қиын өмірлік жағдайдағы 29отбасы анықталды. Және балаларды тәрбиелеу бойынша өзінің міндеттерін орындамайтын 47 ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қолайсыз отбасы анықталған жағдайда жедел түрде бірлескен жұмыс ұйымдастырылады. Қаңтар айында мобильдік топтар 121 рет рейдке шығып, 29 отбасыны анықтаған. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын 47 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.