Биыл өңірдің 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ қаржылық сауаттылығын арттырып, оқу курсынан өтпек. Осы мақсатта Петропавлда «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды. Тренинг аясында қаржы сарапшылары жеке кеңес беріп, қатысушылардың бизнес бастауына қажет мемлекеттік грант алу жолдарын үйретеді. Айта кетейк, тренинг толығымен тегін.


 Бүгінде 6 миллионнан астам қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Тағы да 2 миллионға жуық адам микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Осы орайда ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ жобасы тың серпін беретін елеулі бастама болмақ. Жалпы, тренингтің негізгі мақсаты – болашақ ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру.


 Дмитрий Шледевиц, Қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы:

- БҮГІН ПЕТРОПАВЛДА «Қарызсыз қоғам» атты жоба басталды. – Бағдарлама қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтап, оларға көмектесіп, қиындықтан шығу жолдарын үйретеді. Несиелермен қалай жұмыс істеу керек және қандай тиімді жолдары бар деген сұрақтарға да жауап береді. Және біз жыл бойына толық қолдау көрсетіп, бақылауға аламыз. Бүгін бұл жобамыз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төрт елді-мекенде басталды. Олар Петропавл қаласы, Есіл, Айыртау және Мамлютка аудандары. Жалпы, жыл соңына дейін ай сайын 3 топтан 5 күн сабак өтеді деп жоспарлап отырмыз.


 Оқыту барысында азаматтарға қаржылық тәуелсіздік, отбасы бюджетіне аудит жүргізу, шығындарды есептеп, тиімді шарттармен несиені таңдау және алаяқтармен қалай күресу керектігі үйретіледі. Сондай-ақ қаржы сарапшылары бизнес-жоспар жазуға көмектеседі.


АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ , «Аманат» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:

- Қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұл үш облыста пилоттық режимде қолға алынған маңызды және өзекті жоба екенін атап өткен болатын. Ал қазір оның ауқымы кеңейіп, еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылуда. Біздің қаламызда бұл жобаны «Ұлы Дала» бірлестігі «Аманат» партиясымен бірге былтыр қолға алған. Өткен жылы айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Жобаның басты ерекшелігі спикерлеріміз тек сабақ өткізіп қана қоймай, оқуға келген адамдарды жыл бойына бақылауға алып көмек көрсетеді


Айта кетейік, 2023 жылы жоба бойынша 4200-ден астам солтүстікқазақстандық оқытылды. Курс аясында 30-дан астам азаматқа қолданыстағы несиелері бойынша құқықтық көмек көрсетіген. Енді «АМАНАТ» партиясының өкілдері жұмыспен қамту орталығындағы әлеуметтік қызметкерлерді оқытуға ден қойды. Осы жылы ай сайын үш топ оқудан өтеді – әрқайсысы бес күн бойы жаттығады. Биыл жоба бойынша 4200-ден астам солтүстікқазақстандық оқудан өтеді.