ПетропавлдЫҢ шалғай аудандарына екі жыл ішінде 6 стационарлық модульдік полиция бекеті орнатылды. Сондай-ақ, өңірде 2021 жылдан бастап полицияның 8 жаңа учаскелік пункті ашылды. бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын ҚабдҰлдинов өңірлік комуникациялар ҚЫЗМЕТІ алаңында өткен БРИФИНГТЕ айтты.


Былтыр Полиция департаментінің 102 қосымшасына 200-ден астам хабарлама келіп түскен.Олардың 155 бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалпы өткен жылы құқық бұзушылықтар саны 18,2% - ға, оның ішінде ауыр қылмыс саны 13,5% - ға азайған. Бірақ қазіргі таңда синтетикалық есірткі сату қылмысы өршіп тұр. 2023 жылы мұндай 281 құқық бұзушылық анықталды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,9% -ға жоғары. Заңсыз айналымнан 740 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, 2023 жылы облыста интернет алаяқтықтың 1017 дерегі тікелді. Келтірілген шығын көлемі 920 млн теңге.


 АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«2023 жылы 825 адам алаяқтардың талаптарын орындамай "102"арнасына жүгінді . Өз кезегімізде біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігініне жалған хабарландыруларды бұғаттау үшін 900-ден астам сілтеме жібердік»


 Өткен жылы өңірде барлығы 432 ЖКО тіркелді. Оның кесірінен 45 адам қайтыс болып, 602 адам жарақат алды. Көлік апаты Республикалық маңызы бар автожолдарда жиі тіркеледі. Жол көлік оқиғасының 93 пайызында негізінен темір тұлпар тізгіндеген азаматтар кінәлі болып танылған. Себебі 2023 жылы жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін 70 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтың тең жартысы ережелерді өрескел бұзған.


АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«Өңірде жол көлік оқиғаларының артуына ең басты себеп - ауа-райының қолайсыздығы. Биыл өңірде көлікті мас күйде басқарғаны үшін 1164 жүргізуші ұсталды.Біздің өңірде 2023 жылы 44 мыңнан астам көлік тіркелген, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 27 мың болатын. Көліктердің көбеюіне негізінен бұрын шетелдік есепте болған автокөлікті заңдастыру бойынша өткізілген акция себеп.


Айта кетейік, 2023 жылы заңсыз айналымнан 12 мың литрден астам алкоголь тәркіленді, сонымен қатар алкогольды заңсыз саудалаудың 293 фактісі анықталды. Жалпы алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды.