Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Облыс әкімі алдымен «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешеніне» барды. Компания жергілікті шикізатты пайдалана отырып макаронның 30-дан астам түрін өндіреді.


Сұлтан- элеватор-диірмен-макарон кешені 1996 жылы құрылған. Содан бері түрлі макарон өнімдерін, ұн өндіріп, астықты сақтаумен айналысып келеді.Кешен сағатына 8 тонна, күніне 192 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Макарондар тек ел көлемінде емес, сонымен қатар Ресей, Қытай, Тәжікістан, Өзбекістан, Ауғаныстан және Моңғолияға тасымалданады.


 ЕЛЕНА ТКАЧЁВА, «СҰЛТАН ЭЛЕВАТОР-ДИІРМЕН-МАКАРОН КЕШЕНІ» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бізде екі диірмен бар. Біреуі қатты бидай сортын үгеді. Яғни, біз өз шикзатымыдан жоғары сортты ұн аламыз. Содан макарон жасаймыз. Ал екінші диірмен жұмсақ бидайды өңдеуге арналған. Ол жерде тұтынушыларға арналған жоғары сортты ұн шығарылады


Кейін Ғауез Торсанұлы нан-тоқаш комбинатына ат басын бұрды. Бұл жерде кондитерлік өнімдер өндіріледі. Комбинатта нан ашытып, илеуге 7 сағат кетеді екен. Облыс әкімі «Береке» шағын ауданындағы балабақшаның құрылысымен де танысты. Мектепке дейінгі мекеменің құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталған. Балабақша биыл қарашада қолданысқа берілмек.


 НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Облысымызда мектепке дейінгі тәрбиемен 17мыңнан астам бала қамтылған. Петропавлда потребность бар. Осы потребностьы жабу үшін 140 орынға арналған балабақша салынып жатыр. «Основания» мердігер компаниясы жауапты. Жоба суммасы 1 млрд 300 млн теңге.


Өңір басшысы «Радуга» компаниясының көтерме тарату орталығына да барды. Мекемеде тұтынушыларға қажетті азық-түлік, тұрмыстық және химиялық заттар сақталады. Ғ.Торсанұлы «ДЕЗ» ЖШС де болды. Компания нарықта 21 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта серіктестікте 70 жұмысшы бар.


ДУРСУН ТАНРИКУЛУ, «DEZ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Шығарған өнімді Ауғанстанға жібереміз. Ұнның 85 пайызын экспорттасақ, қалған 15 пайызы ішкі нарықта яғни Қазақстанға сатамыз. Түркияға дәнді дақылдар, жасымық, зығыр жібереміз.


 Ғауез Нұрмұхамбетов «Урал» мотоцикл құрастыру компаниясына да барды. Тауар Австрия, Корея мен Ресейге тасымалданады. Компания өткен жылы 390 мотоцикл құрастырып шығарған.


 СЕРГЕЙ ДИТЮК, «IMZ-KAZAKHSTAN» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Біздің мотоциклдар Еуропа мен Азия елдеріне, Ресей федерациясына және басқа да көрші елдерге тасымалданады. Бағасы 20 мың доллардан басталып, түсіне, жабдықталуына қарай өсе береді.


Қазіргі уақытта бұл компанияда 20 жұмысшы еңбек етеді. Еңбекақылары 200 мың теңгені құрайды. Биылдан бастап мотоциклдарды Қазақстанда да сатуды жоспарлап отыр.


Жансая Қайыпова