Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс таксиге қатысты монополияға қарсы тергеуін аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қорытындыға сәйкес компания бақылау-касса машиналарының бағдарламалық, техникалық қызметтерін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке сондай-ақ, монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін де әкімшілік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, агенттік енді Яндекс таксиді антимонополиялық бақылауда ұстайтын болады. Оның аясында жүргізушілерден алынатын комиссияны жою қарастырылып отыр. Ал жолаушылар үшін "бірге" және "балалар" жаңартылған тарифін енгізу көзделген, бұл балаларға арналған орындық немесе бустеры (күшейткіші)бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді. Такси жүргізушілерімен клиенттердің тиімді қарым-қатынас орнатуы үшін Call-орталық жұмыс істейтін болады. Баспасөз орталығы өкілдерінің айтуынша, монополияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылайтын маниторингтік топ құрылатын болады.