Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның азаматтары туған ауылдарын түлетіп жатыр. Әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолды жөнге келтіру, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және тағы да басқа мәселелер серіктестік басшыларының назарында. Ауыл азаматтарының бұған алғысы шексіз.
Бірлігі мықты Бірлік ауылының ынтымағы жарасқан. Атына заты сай ауылдың тұрмысы алға басқан. Жергілікті «Es global agro» серіктестігі де бұған өз пайдасын тигізуде. Әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеу агроқұрылымның есебінен жүргізіледі.
АНЖЕЛА САМОЙЛОВА, КЛУБ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Біз түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Өз күшімізбен шағын концерттерді өткізуге тырысамыз. Серіктестік материалдарды, костюмдерді және тігін бұйымдарын сатып алуға көмектеседі. Осылайша, кәсіпкерлік әрқашан қызметкерлерді ынталандырып, дем беріп отырады.
Серіктестік көкөніс өсірумен де айналысады. Биыл картоп отырғызды. Келесі кезекте сәбіз екпек ниетте. Егістіктің алқабы 45 гектарды құрайды. Келесі жылы оның аумағын 80 гектарға дейін ұлғайтпақ.
ВЛАДИМИР ЗАВЬЯЛОВ, «ES GLOBAL AGRO» ЖШС БРИГАДИРІ:
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік халыққа ұдайы көмектеседі. Шөп әкеліп береді. Әрбір жиын-терім науқанынан соң, барлығына тиісті пайларын береді. Сондай-ақ, қыста ауыл ішінде жолдарды да тазалайды. Көрсетіп жатқан көмегі көп ақ.
Ал Нежинка ауылындағы «Некжинка-Ерке» серіктестігінің басшылығы өз қызметкерлеріне үй салып беруде . Сондай-ақ, ауылдағы моншаны жөндеуден өткізген.
ДИАНА БАТЫҚОВА «НЕЖИНКА-ЕРКЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Моншамыз бар еді. Оның салынғанына біраз жыл өткен. Сондықтан биыл күрделі жөндейміз деп шештік. Кіре берісін, шатырын ауыстырдық, ішін жаңаша әрледік.
Бұл ауылда тек маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан адамдарға ғана емес, зейнеткерлерге де көңіл бөлінеді. Көмек көрсетіледі.
НИКОЛАЙ ПРИМАЧЕНКО, НЕЖИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Тұрмысымыз жақсы. Барлығы көңілімізден шығады. Үйіміз орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Бұл ауыл үшін үлкен жетістік. Жем, шөпті әкеліп түсіріп береді. Бау-бақшамен айналысамын десең су да келіп тұр. Жолдарға асфальт төселген.
ВЛАДИМИР ГУМЕЛЮК, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
- Жұмыс уақытымыз тұрақты емес. Орақ науқанында таңғы 7-ден бастап, түнгі 12-ге дейін жұмыс істейміз. Директор бұл еңбегімізді байқап, әрджайым елеп ескереді. Мақтау қағаздарымен марапаттайды. Кейбіріне ақшалай сыйлық береді. Ал, кейбіріне демалуға жолдама береді.
Сондай-ақ, шаруашылық МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН түскі аспен тегін тамақтандырып отыр. Түрлі мерекелік іс-шаралар да осы серіктестік есебінен ұйымдастырылады.