Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астана қаласындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифингке қатысты. БАҚ өкілдері алдында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып, жылды қорытындылады. Сондай-ақ журналистердің сауалдарына жауап берді.
Облыста биыл тек ауа райының қолайсыздығынан ауыл шаруашылық саласында ғана көрсеткіш төмендеген. Нақты көлем 84,9 пайызды құраған. Алайда, басқа салалар бойынша өңірде оң динамика сақталып тұр. Облыс бюджеті де 499 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылып,өткен жылмен салыстырғанда өз кірісі 27,6 пайызға өскен. Алайда, өңір басшысының сөзінше өңірде ең басты 3 мәселе бар. Олар электр желілерінің тозуы, өңірдегі жолдардың жағдайы мен газ мәселесі.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-16 қараша күні болған тж өңірдегі электр желілерінің әбден ескіргенін көрсетті. Облысты жарықпен қамтуға 2 компания жауапты. Соның бірі, Севказэнерго. Оның қарамағына 13мың шақырым желімен 2353 қосалқы станция кіреді. Ал екіншісі көшетау энерго компаниясы. «Севказэнрго» АҚ-ның желісі 95-96 пайыз тозған. Ал кейбір ауылдарда тіпті 100 пайызға ескірген. Көкшетау энергода да 80 пайыздан астамы тозған. Осы өңірдегі ең басты әрі күрделі мәселенің бірі. Алдағы уақытта осы желілерді жаңартып, сенімгерлік басқаруға беруді жоспарлап отырмыз.
Өңірдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қазыр табиғи газды тарту мәселесі бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.Өңір басшысының сөзінше, бұл проблема Үкімет деңгейінде шешіледі. Брифинг барысында Ғ.Торсанұлына мектептегі интернет жылдамдығы бойынша да сұрақ қойылды. Облыс әкімінің сөзінше, үш жыл ішінде 160-тан астам ауыл интернетпен қамтылған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Мемлекет басшысының ауылдағы білім нысандарын жылдам интернетпен қамтамасыз ету» тапсырмасын орындау мақсатында облыс мектептерінің 100 % интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен бірлесіп жылдамдықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы қосылады.. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2024-2027 жылдары 304 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарланған. .
Петропавлда қыста жылумен мәселе туындамайды. Мұны облыс әкімі брифинг барысында айтты. Жылу электр орталығы Петропавлды толықтай жылумен қамтуға қауқарлы. Қазіргі таңда, құлаған құбырды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ оның құрылысы жылумен қамтуға еш әсерін тигізбейді.Брифингеі өңірдегі болшағы жоқ ауылдар туралы да айтылды. Қазіргі уақытта облыстағы 125 елді мекеннің тұрғыны 50геде жетпейтін көрнеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Облыста 635 елді мекен бар. Оның 125-інің халық саны 50-ге де жетпейді. Тағы 39 ауылда тіпті 3-4 адам ғана тұрады. Жалпы, өңірде халқы санынан да, аумағы жағынан да талаптарға сай келмейтін елді мекендер көп. Алайда, болашағы жоқ ауылдарға қатысты сұрақтарға біз өте мұқият қараймыз. Ауыл тұрғындарымен, кәсіпкерлермен сөйлесіп, бұл мәселені әлі де қарастыратын боламыз
қаіргі уақытта облыста 457 балабақша бар. Мектепке дейінгі мекемемен 26 мыңнан астам бала қамтылған. Бірақ әлі 3824 бала кезекте тұр. Облыс әкімінің сөзінше, мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетспеушілік мәселесі өзекті. Проблема негізінен облыс орталығында бар. Сондықтан келер жылы Петропавлда тағы 2 балабақша салу жоспарланған.Бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен балалардың 95 пайызын қамтуға мүмкіндік бермек.