Біздің спортшылар Португалияның Альбуфейра қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды. Бұл ХАЛЫҚАРАЛЫҚ додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бес алтын, бес күміс және 12 қола медаль еншіледі. Ал Солтүстікқазақстандық екі спортшы Аслан Асылбеков пен Данияр Жарасов ақтық сыңға шығып , күміс медаль жеңіп алды.


Облыс спортшылары Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, сайыс 17-26 қараша аралығында Португалияның Альбуфейра қаласында өтті. Оған әлемнің 70 елінен 573 спортшы қатысты. Солардың қатарында, Аслан Асылбеков те бар. Бүгін оны туған-туыстары Петропавл теміржол вокзалында бар салтанатпен күтіп алды.


ҮМІТЖАН БАЙМҰХАНОВА, А.АСЫЛБЕКОВТІҢ АНАСЫ:

-  Аслан кикбоксингпен 10 жасынан бері айналысып келеді. Осы әлем чемпионатында өзінің еңбекқорлығымен 2-ші орынға қол жеткізді. Біз оны мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, бұл сайысқа ұлымның досы Данияр Жарасовта барды. Олар екеуі бала кезден дос.


 Жаттықтырушы Дастан Қабденов атап өткендей, жігіттер бұл жарысқа бір жыл бойы дайындалған. Спортшылар оқу-жаттығу жиындарын Алматы және Шымкент қаласында өткізген.


ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, БАПКЕР:

- «Әрине, жігіттердің көрсеткіштеріне дән ризамын. Бірақ жасырмай ақ қояйын чемпион атанады деген үміт болды. Ақтық айқаста адуынды қарсыласқа тап болдық, жеңіске кішкене ғана жетпей қалды. Бірақ жігіттерде бәрі алда, бұл олардың алғашқы әлем чемпионаты. Болашақты алтын аламыз деген үміттемін.»


 Португалияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаздар фулл-контакт, лоу-кик, К1 және кик-лайт бойынша анықталды. Оның барлығында қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарында.


АСЛАН АСЫЛБЕКОВ, КИКБОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

« Мен алғашқы жек-жегімді Болгария елінің өкіліне қарсы өткіздім. Ал екінші кездесуде Испаниялық спортшымен күш сынастым. Үшінші кезеңде Әзірбайжандық кикбоксингшіге қарсы тұрдым. Ақтық сыңда Түркия елінің намысын қорғаған спортшымен сыңға түстім. Барлық 4 жекпе-жек қиын болды. Мен екінші орын иелендім. Финалдық кезеңдегі нәтижеге көңілім толмайды. Төрешілердің шығармған шешімен келспеймін, менің ойымша мен жеңіске жеттім.»


ДАНИЯР ЖАРАСОВ, КИКБОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

«Әлем біріншілігі және жалпы барлық жекпе-жек мықты деңгейде өтті. Біз бұл жарысқа 1 жыл дайындалдық. Оқу-жатығу жиындар екі кезеңнен тұрды. Барлық қарсыластар мықты болды. Себебі олар өз елінің чемпиондары. Жеңілістің кермек дәмін татпай чемпион атану қиын. Ең бастысы төзімділік танытып, жаттығу керек. 


Биыл Аслан Асылбеков Түркияда әлем кубогын жеңіп алды, ал Данияр Жарасов Венгрияда әлем кубогының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Португалияда өткен чемпионатқа тағы бір жерлесіміз, атақты спортшы Нұрсұлтан Жақыпов та қатысты.


Ұлан Ыдырыс