Облыстық полиция департаментінің бастығы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 9 ОМ жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Айдын Қабдұлдинов мектеп ғимаратының қауіпсіздік жүйесімен танысты. Сондай-ақ балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке күзет кәсіпорнының жедел әрекет ету тобының, патрульдік полиция батальоны экипаждарының және жедел-тергеу тобының бірлескен іс-қимылдары тексерілді.


 Бұған дейін облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов Kozybayev University студенттерімен және оқушылармен бірқатар кездесулер өткізді; оның орынбасарлары мен басқарма бастықтары 30-дан астам мектеп пен колледжде болды. Мұның бәрі – жалғасын табатын жүйелі жұмыс. Есірткіге байланысты қылмыс, оның денсаулыққа зияны, қылмыстық жауапкершілік, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы қорқытудың алдын алу, көшедегі және желідегі қауіпсіздік. Полиция мен мұғалімдердің міндеті- балаларды ақпараттандырып, қорғау, барлық жағдайда көмектесу.


 Айдын Қабдұлдинов, СҚО полиция департаментінің бастығы:

- Кез-келген қиын жағдайда сіз оны заңды түрде шешу үшін полиция қызметкерінен көмек сұрай аласыз. Қазіргі қоғамның маңызды проблемасы — нашақорлық пен есірткінің таралуы. Мемлекет басшысы өз жолдауында синтетикалық есірткіні қолданудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.


Айдын Қабдұлдинов Ахмет Байтұрсынов атындағы № 9 орта мектептің жоғары сынып оқушыларының алдында сөйлеген сөзінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударып, жас аудиторияны хабардар ету үшін бірқатар нақты сандарды, фактілерді және қылмыстар үшін жауапкершілік туралы айтты. Сондай — ақ, смартфондарға арналған "102" қосымшасы туралы хабардар етті, ол арқылы полицияға мәтіндік хабарлама жіберіп, бейне және аудио байланысты тәулік бойы орнатуға болады.


Айдын Қабдұлдинов, СҚО полиция департаментінің бастығы:

- "102" мобильді қосымшасы жасалды; оны App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеуге болады. Қолданбаның көмегімен түймені басу арқылы полицияға қоңырау шалуға болады. Құрметті ұстаздар! Әр оқушының телефонында осы "102" қосымшасының бар екендігіне көз жеткізуді сұраймын


 Барлық қойылған сұрақтарға жоғары сынып оқушылары толық жауап алды. Кездесу соңында Айдын Қабдұлдинов мектеп ғимаратының қауіпсіздік жүйесімен, танысты. Сигнал жіберу процесі, сондай-ақ балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кезінде жеке күзет кәсіпорнының жедел әрекет ету тобының, патрульдік полиция батальоны экипаждарының және жедел-тергеу тобының бірлескен іс-қимылдары тексерілді.