Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Іс-шарада өңір басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті.


Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен өткізген кездесуде "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру туралы тілдесті. "Бұл форум екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді", - деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.